АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 29 СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.
Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.  Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов атындағы көшесінің №4/5, Әлімбетов көшесінің 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігіне пайдалануға берілді. Ондағы тұрғындар меценатқа алғыстарын білдіруде. Спорт- денсаулық кепілі. Сондықтан денешынынықтырумен жастың да, ересектің де айналысқаны жөн. Ал қимыл мен қозғалыстың адам ағзасындағы қанның дұрыс  айналуына ықпалы зор. «Жаны саудың — тәні сау» деп халқымыз бекер айтпаған. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ «ХИМФАРМ» КОМПАНИЯСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨШБАСШЫЛАР ҮШТІГІНДЕ

Алдыңғы

АКИМ ГОРОДА ПОСЕТИЛ ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ВОДНО-СПОРТИВНЫЙ КОМПЛЕКС

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *