ЖаңалықтарҚоғамСпорт

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қазақ­станның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» атты Жолдау­ын­да  бұқаралық спортты дамытуға қатысты  бірқатар ба­ғытты атап өткен болатын.    Шырайлы қаламызда  салауатты өмір салтын қалыптастырып,  жастардың шахмат ойына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді.
Қаламыздағы  «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының бастамасымен   балаларға арналған шахмат үйірмесі  ашылып, өз жұмысын жүргізуде.  «Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебімен»  меморандумға отырып, осы меморандум  негізінде көпбалалы отбасынан шыққан  балаларға арналған  шахмат үйірмесіне  балалар  тегін қатысады.  21 жастағы қазақстандық  жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен FIDE Women’s Grand Prix (FIDE әйелдер Гран-при сериясының соңғы кезеңі) шахмат турнирінде жеңіске жетіп, ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Екі дүркін әлем чемпионы, «BRNO OPEN 2013» Халықаралық турнирінің жеңімпазы.     «SHYMKENT PLAZA» ойын-сауық орталығында  аталған орталықтың ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына арнап шахмат турнирі өткізіліп, жеңімпаз балалар арнайы жүлделермен марапатталды.

12 МЫҢНАН АСТАМ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫҒА ДӘРІ ҚОБДИШАЛАРЫ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Алдыңғы

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ  АЙМАҚТАР ДАМУДА 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *