ЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында Шымкент қаласының  аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді.
Айта кетейік, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең — кезеңімен жүзеге асырылатын болады.  Балалар мен жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, бұқаралық спортты дамытып,  олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен септігін тигезеді дейді жобаны жүзеге асырушылар. Балалардың ойын алаңшасын аша отырып, спортпен айналысатын жастардың қатарын көбейтіп, бұқаралық спорттың дамуына кең жол ашылмақ. Мұндай игі жобалар қаламыздың шалғай аудандарында да ашу жоспарға алынып, ашылып жатса нұр үстіне нұр болмақ.

 

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДА ҚОҒАМ ТҮСІНІГІН КЕҢЕЙТЕТІН ЖҰМЫСТАР АТҚАРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Алдыңғы

ЕРІКТІЛЕР ЕКПЕ ЕГУ БЕКЕТТЕРІНДЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ҮЛЕСТІРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *