Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЭПИДАХУАЛ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ  ӨТТІ

Шымкент қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы республикалық штабтың отырысы өтті.  Штаб отырысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.  Басқосуда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.
Жыл басынан бері мегаполисте 17 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болса бүгінгі күнге дейін 11 мыңға жуық науқас емделіп шықты. Қазіргі уақытта 5974 адам емделуде, оның ішінде 2 321 стационарда, 3 626 үйде карантиндік режимде. Соңғы 14 күнде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған 374 азамат амбулаториялық бақылауда. Ал соңғы тәулікте 262 науқас жазылып, ауруханадан шығарылса, 323 адам ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі таңда қалада 3 180 мамандандырылған жұқпалы аурулар төсегі бар. Төсектердің толымдылығы — 73%, бос төсектер – 859 құрайды.
Өткен тәулікте жедел жәрдемге 2318 қоңырау келіп түскен. Соңғы 4 күнде шақырулар саны 2 594-тен төмендегені байқалады. Қалада екпе салатын 45 бекет бар. Онда 1-ші компонентпен 362 165 адам, 2 – ші компонентпен-261 657 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 1 компонентімен 68%, 2 компонентімен 49% вакцинацияланды.
Тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер сатып алуға 200 миллион теңге бөлінсе, дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында қалалық әкімдік резервінен 5 түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.
Жиын соңында Денсаулық сақтау министрі мемлекет барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жарықтандыру, науқастарды емдеу әдісін енгізу және басқа да өзекті сұрақтарды шешу бойынша тапсырмаларын орындау жұмыстарын күшейту өажет екенін жеткізді.

 

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *