ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ДӘРІГЕР

     Қаламызда індетке қарсы күресте табанды еңбек етіп келе жатқан  Шымкент қалалық №6 емхананың инфекционист-дәрігері Темірәлиева Динара Дәуренқызы індетке қарсы күресте тәулік бойы көз ілмей жұмыс істеген мамандардың бірі. Медицина саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан дәрігердің білімі мен білігіне көңілі толып, ризашылығы мен алғысын жаудыратын тұрғындар көп. Жоғары санатты инфекционист Динара Темірәлиева 1993 жылы Целиноград медициналық институтын тәмамдаған. Жоғары оқу орнын үздік бітірген маманды Шымкенттегі бұрынғы Тұрлан экспедициясы аталған елдімекендегі СВА №3 мекемесіне интернатурасыз бірден жұмысқа қабылдайды. 1993 жылы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда отбасылық дәрігер, 2003 жылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист болып жұмыс істеген. 2012 жылдан қазіргі күнге дейін қалалық №6 емханада дәрігер-инфекционист болып еңбек етіп келеді.  Динара Дәуренқызы қауіп пен қатерге толы жұқпалы ауруларды емдеу саласында балалар мен ересектерді емдеуде жанқиярлықпен кәсіби міндетін адал атқарып жүрген дәрігер. Өткен жылы індет өршіген тұста өзі вирусты жұқтырып, дерті меңдегеніне қарамастан жұмысын бір сәтте те тоқтатпады.  Сол уақыттары эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханада қосымша бір бөлім ашылып, оған 8 аймақ қарады. Оның әрқайсысында 1600-ден астам тұрғын болды. Екі дәрігер ғана жұмыс істедік. Бір отбасыдан 3-4 адам ковидке шалдығып жатты. Әрине, қиын уақыттар артта қалды. Дегенмен, Ковид-19-бен күресте әлі де қалалықтар жауапкершілікті сезінсе, — дейді Д.Дәуренқызы.  Антына адал, табанды еңбекқорлығы, өз ісіне жауапкершілігі мол ақ халатты абзал жан көптеген алғыс хаттардың иегері.

 

ВАКЦИНА АЛУ-ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ

Алдыңғы

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *