Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ 171-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

 

Үшінші мегаполистегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантолог Абылай Донбай жасады.  Досымовтар жанұясында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген.  3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.  «Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» — дейді Бас дәрігер. Пандемия кезінде де жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Бүйрек трансплантациясы Ұлыбританияда ең бірінші рет 1960 жылы жасалған еді. Бұл күнде қазір кең таралған және қауіпсіз операцияның біріне айналды. Негізі қалыпты өмір сүру үшін бір бүйрек те жеткілікті. Әлемде ұлттық және халықаралық донорларды іздеу жүйесі бар. Егер донорлар көп болған жағдайда бүйректі ауыстыру операциясы бұл күнде қорқынышты болмай қалды.

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 1696 НАУҚАС ЕМ АЛУДА

Алдыңғы

ИГОРЬ СОН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *