Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. «Тәні саудың- жаны сау»-дейді дана халқымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Қарабастау тұрғын алабында спорт алаңшасы салынуда. Спорт нысаны «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қоры арқылы демеушілік есебінен салынуда. Аудан әкімі Д.Есілбек Бойыт ата көшесінің бойында салынып жатқан ашық спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен таныстырды.
Comments