Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Ұлыбританияның Глазго университетінің докторанты Зейнуллин Маралбекпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында докторант өзінің ғылыми жобасы аясында зағиптар мен нашар көретіндерге арналған мобильді қосымша жобасын таныстырды. Инновациялық жобасында компьютерлік көру және жасанды интеллект саласындағы соңғы әзірлемелер мен алгоритмдерді қолданған. Жаңа жобамен кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері бірінші болып танысып, бағалауға мүмкіндік алды. Арнайы кітапхана тарапы жобаның одан әрі дамуын асыға күтеді. Айта өтсек, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешіміне сәйкес құрылған болатын. 1969 жылы 12 ақпандағы №29 «Соқырларға арналған арнайы кітапханаларды ашу туралы» бұйрығы негізінде осы уақыттан бері зағип жандарға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізген кітапхана оқырмандары бүгінде барлық салада белсенділік танытып жүр.
ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛДЫ
ЕМХАНАЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
40 рет оқылды
Comments