Білікті дәрігерлер осыдан 3 ғасыр бұрын мүгедектікті оңалтудын ең тиімді тәсілі- үздіксіз қозғалыс деген екен. Сол уақыттан бері, оларды спортқа икемдеу басты рөлге шыққан. Тірек-қозғалыс мүшелері зақымданғандарды спортпен шұғылдандыру өткен ғасырда қолға алынды. Қазіргі таңда жазғы спорт түрінің саны 20-дан асып отыр. Паралимпиада — тірек-қозғалыс және көру мүшелеріне зақым келгендерге арналған спорттық ойын.
Германияның Берлин қаласында 16-20 маусым аралығында пара жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңі өткен болатын.
Қазақстан құрамасының сапында Шымкент қаласының екі спортшысы бақ сынады. Халықаралық дәрежелегі спорт шеберлері Роман Агалаков және Алина Дубинина жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Роман Агалаков командалық эстафетада 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижесінің арқасында Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына лицензияға ие болды.
Сондай-ақ, Алина Дубинина командалық эстафетада 2 алтын медалға қол жеткізді. XVI жазғы паралимпиадалық ойындар 2021 жылы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетінін еске саламыз.
Comments