ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

«ДОНОР БОЛ! ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА»

 

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Birgemiz: Saulyq жалпыұлттық жобасы аясында  «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» қан тапсыру донорлық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасында ұжымдық белсенділікті арттырып, қанға мұқтаж  адамдарға көмек қолын созу. Жалпы 200-ге жуық адам қан тапсырған.
Акция барысында алдымен жастардың денсаулықтары толық тексеруден өткізген дәрігерлер қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді. Аталған іс-шараға қаламыздағы университеттердің  бір топ студенттері мен оқытушы профессорлар құрамы қатысты. Мұндай игі шараның өтуіне мұрындық болған қаламыздағы Жастар ресуртық орталығы қала жастарының басын бір арнаға тоғыстыратын, қашанда жаңашылдық пен бастамашыл болып жүреді. Өзгеге өмір сыйлау арқылы сауапты іс жасауға қала жастары көбірек жиналды.

 

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС

Алдыңғы

ФУТБОЛДАН ҚЫЗДАР ЛИГАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ТОП ЖАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *