Шымкенттің 3 мегаполис атанғалы бері инфрақұрылымы күннен-күнге өсіп келеді. Оған тұрғын үй, әлеуметтік мәдени нысандарды салу, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау мәселелері жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды, бірақ онсыз өндірістік үдеріс жетілдірілмейтіні бәрімізге мәлім.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қала аумағындағы шалғай елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін ауданға қарасты Ақтас-2 және 195 орамда жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен таныстырылды. Шалғай елді мекендердегі жолдарға шағал тас төселіп, газ құбырларын жүргізу жұмыстарының барысы тексерілді.
Қазіргі таңда аумақта жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төселіп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, 195 орамда 200-ге жуық үй бар. Мұнда ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан. Газ мәселесі бойынша абоненттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Comments