ДенсаулықЖаңалықтар

КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

 

Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 7228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6829 адам емделіп шықты, өкінішке орай 157 адам қаза тапты.  Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға  13,1 млрд. теңге қарастырылды.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты. Медицина қызметкерлерінің дайындығын пысықтау мақсатында 14 157 медицина қызметкері  қайта   оқытылып, Шымкент қаласында  эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалды. Қазір стационарларда дайын төсек-орынның 25 пайызында адам бар немесе 327 адам ем алып жатыр.

Коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша Шымкент қаласы еліміз бойынша алдыңғы қатардан көрініп  келеді.  «Вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүруінің нәтижесінде Шымкент қаласы жасыл аймақта тұр. Бүгінде 25 жылжымалы бригада, 43 вакцина егетін нысан бар.  Сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 1-компоненттен 221 201 адамға, 2-компоненттен 125 316 адамға егілді.  Бұл ретте Шымкент еліміз бойынша Алматыдан кейінгі 2-орында  тұр. Өткен тәулікте 1 компоненттен 3 999, 2-компоненттен 3 101 адам екпе алған.  Алайда, ұжымдық иммунитетті  қалыптастыру үшін вакцинациялау жұмысын 70 пайызға жеткізуге тиіспіз. Осы орайда, тұрғындарды эпидахуалға бейжай қарамай, вакцина салдыруға шақырамыз, – деді  Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов.

 

 

МЕГАПОЛИСТЕ  ОҢДЫ  ӨЗГЕРІСТЕР  КӨП

Алдыңғы

    «ОРДАБАСЫ ОТТАРЫНА» — 85 жыл

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *