ЖаңалықтарСпорт

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ  МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Шымкент қаласында  өткен Ұлттық Мектеп Лигасының бағдарламасында 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан республикалық жарыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.  Ұлдар арасында өткен «Былғары доп» жарысына республиканың әр өңірінен 12 команда қатысып, бақ сынады. Олар осылай туған жеріне қуанышпен аттанды.

    Бір аптаға созылған былғары доп жарысының қорытындысы бойынша  Қызылорда облысы Қазалы ауданының №249 жалпы орта мектебінің командасы 1-орынды  иеленсе,  ал 2-орын Алматы қаласы Медеу ауданындағы №159 гимназиясының командасына бұйырса, ал жүлделі  3-орынды Жамбыл облысы Байзақ ауданының оқушылары  қанжығаларына байлады.

   Айта кетейік, осы уақытқа дейін Шымкенттік оқушылар Ұлттық Мектеп Лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 10  ойын түрінен бірінші орынды иеленіп,  биік тұғырдан көрініп келеді. Үшінші мегаполисте бастау алған Ұлттық Мектеп Лигасы  қазір спорттың он түрін қамтып, оқушыларды  салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  жоғары деңгейде өткізілуде.

 

 

ӨНЕРКӘСІП-ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚҰРАУШЫ САЛА

Алдыңғы

МЕГАПОЛИСТЕ  ОҢДЫ  ӨЗГЕРІСТЕР  КӨП

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *