Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен үкіметке ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі басты тұлға, сіздің ерекше өкілеттіктеріңіз барын айтқанмын. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ содан кейін айналым айтарлықтай төмендеді…
… Сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, сізді кадрлық ауысулар қатты ренжітеді. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, жалпы Үкіметке қатысты», — деді Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырды.
«Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты», — деді ол.
Президент бұған дейін вакцина жағдайына байланысты үкіметті сынға алғанын жазған болатынбыз.
«Үкімет «Спутник V» және отандық вакцина өндірісі туралы келісім елдің вакцинацияға деген мұқтажын толықтай өтейді деп сендірді. Осы ақпарат негізінде мен 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинация жарияладым. Екі айдан кейін халықтың 0,2 пайызынан азы вакцина салдырды! Енді мен басқа мемлекеттердің басшыларымен тағы қосымша вакцина жеткізу туралы келіссөз жүргізуім керек… Біз тез жеткізу үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық жағдайларға келісуге мәжбүрміз», — деді Тоқаев.
Comments