АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясатСпортЭкономика

Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және оның бейнесін, сондай-ақ Әнұран мәтінін пайдалану ережелері туралы Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Қаулыға сәйкес Елтаңба жеке куәлікпен мен төлқұжатта (паспорт) бейнеленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Жобаға сәйкес Елтаңба міндетті түрде:

— Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР шет елдердегі мекемелерінің веб-сайттарында;

— ҚР әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында;

— Президент пен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Парламент палаталары бюроларының, Үкімет пен премьер-министр кеңсесінің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, қарулы күштер және өзге де мемлекеттік органдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;

— Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және Жоғарғы соттың ресми басылымдарында;

— Ұлттық банктің банкноттары мен монеталарында, мемлекеттік бағалы қағаздарда;

— Қазақстан азаматтарына берілетін жеке куәлікке, туу туралы куәлікке, төлқұжатқа (паспорт) және өзге де төлқұжаттарға, мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне;

— ҚР Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекаралық бағаналарда бейнеленеді. Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін талқыланады.

Мыңбаев Әл-Фараби ауданының әкімі болып тағайындалды

Алдыңғы

Бозжыраға кіру ақылы болады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *