Бүгін – Қаратал ауданы үшін айрықша күн. Ауданымыздың құрметті азаматы, тыл ардагері, көптің ұстазы әрі қара шаңырақтың қазынасы саналатын Махұм Ержанұлына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалі табысталды.
Марапатты табыстау рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Мемлекеттік награданы “AMANAT” партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы Руслан Шоғалұлы мен аудандық мәслихат депутаты Әділ Әбенұлы арнайы табыстады.
Бұл – ардагерлерге деген ел алғысының белгісі, жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі оқиға.
Қобланды АБЕНОВ
Comments