Жаңалықтар

КЕНТАУДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кентау қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребаевтың үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында ардагердің үй ішіне және ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауласы ретке келтірілді. Бұл игі іс-шара — ардагерлерге деген құрметті арттырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастырады.

Бадан Төребаев 1926 жылы Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Майдантал ауылында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскерге шақырылып, Украина, Беларусь майдандарына қатысқан. 99 жастаға ақсақал екі ұл, үш қыз тәрбиелеп, олардан 16 немере, 42 шөбере, 3 шөпшек сүйген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШАРДАРАДА ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *