Жаңалықтар

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 65,3% әйелдер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Спикердің айтуынша, өңірдің мемлекеттік қызмет жүйесінде гендерлік саясат сәтті іске асуда: қызметшілердің 1878 немесе 65,3%-ын әйелдер құрайды.

«Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 421 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 43,8% құрайды», — деп Думан Әбілев атап өтті.

Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштерден тұрады:

— облыс әкімінің орынбасарлары – 0,2%;

— қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары – 2,4%;

— аппарат басшылары және олардың орынбасарлары – 3,5%;

— облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары – 3,3%;

— құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 37%;

— ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары – 10,5%;

— дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары – 23,6%;

— сектор меңгерушілері – 19,5%.

2025 жылдың І тоқсаны ішінде конкурстық және конкурстан тыс іріктеу қорытындылары бойынша, ауысу арқылы, сондай-ақ сайлау қорытындылары бойынша және басқа да себептер бойынша 167 қызметші тағайындалды, олардың 81 немесе 48,5% әйелдер.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

Доля женщин на госслужбе в Акмолинской области составляет 65,3%

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области подведены итоги деятельности за І квартал 2025 года.Подробнее об этом рассказал руководитель Департамента Думан Абилев в ходе брифинга на площадке Региональной службы коммуникаций.

По словам спикера, на госслужбе региона успешно реализуется гендерная политика – 1878 служащих или 65,3% составляют женщины.

«В целом, на руководящих должностях государственной службы области работают 421 женщин. Данный показатель составляет 43,8% от общего руководящего состава» — отмечает Думан Абилев.

Представленность женщин на руководящих должностях выглядит следующим образом:

— заместители акима области – 0,2%;

— акимы городов, районов и их заместители – 2,4%;

— руководители аппаратов и их заместители – 3,5%;

— руководители областных управлений и их заместители – 3,3%;

— руководители структурных подразделений – 37%;

— акимы сельских округов и их заместители – 10,5%;

— руководители самостоятельных отделов и их заместители – 23,6%;

— заведующие секторами – 19,5%.

В І квартале 2025 года по итогам конкурсного и внеконкурсного отбора, посредством перевода, а также по итогам выборов и по другим причинам назначены 167 служащих, из них 81 или 48,5% женщины.

Жазира Сейтмаганбетова, официальный представитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *