*Жаңа Салық кодексі: Негізгі өзгерістер.* Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай өзгерістер болатынын атады. Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз.
Жаңа Салық кодексінің негізгі ұсыныстары:
ҚҚС (Қосылған құн салығы):
* Негізгі мөлшерлеме – 16%.
* Шегі – 40 млн теңге.
* Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады.
* Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС):
* Негізгі мөлшерлеме – 20%.
* Банк және ойын секторы үшін – 25%.
* Қаржы лизингі мен әлеуметтік салада – 10%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.
* Ауыл шаруашылығы – 3%.
* Әлеуметтік сала – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
* Өңдеу өнеркәсібі – 20%.
Салықтар мен төлемдерді оңтайландыру:
* Салықтар саны 12-ден 11-ге қысқарады.
* 2 төлем алынып тасталады, 3 төлем біріктіріледі.
* Алымдардың 6 түрі, мемлекеттік баждың 5 түрі қысқартылады.
* Салықтық жеңілдіктер қайта қаралады:
* 3,4 трлн теңге сомасындағы 453 норма жеңілдік деп танылды.
* 1,3 трлн теңге сомасындағы 128 жеңілдік алынып тасталмақ.
Сараланған салық жүйесі:
* Жоғары табысы бар азаматтарға – прогрессивті ЖТС:
* Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатындарға – 15% мөлшерлеме.
* Қымбат мүлік, көлік, яхта, ұшақ, алкоголь мен сигараға – «сән-салтанат» салығы мен акциздер.
* Энергетикалық сусындарға да акциз енгізіледі.
Арнаулы салық режимдері (АСР):
* АСР саны 7-ден 3-ке қысқарады:
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим.
2. Оңайлатылған декларация негізіндегі режим.
3. Шаруа/фермер қожалықтарына арналған режим.
* Оңайлатылған режимнің:
* Кіріс лимиті – 600 мың АЕК.
* Мөлшерлеме – 4% (мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады).
* Қызметкерлер санына шектеу жоқ.
* Тек B2C операцияларына рұқсат.
Инвесторлар үшін ынталандыру:
* Барлау, құрылыс, жабдыққа кеткен шығындарға – 100% шегерім.
* Рентабельділігі төмен кен орындарына – 5 жылға нөлдік салық.
* Салықтан үнемделген қаражат – инвестиция мен өңірлік дамуға бағытталады (дивидендке тыйым).
Салық әкімшілендіру:
* Салықтық жазалау азайтылады.
* Сервистік модель енгізіледі.
* Есептілік 30%-ға қысқарады.
* Камералық бақылау – ескерту сипатында болады.
* Кәсіпорынның салық жүктемесі төмен болса – тексеру жүргізілмейді.
Болжамды нәтиже:
* Жыл сайын 4-5 трлн теңге қосымша түсім.
* Ұлттық қорға тәуелділік азаяды.
* Қысқа мерзімде 2,5-3% инфляциялық әсер болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, ақылы медициналық қызметтерге қанша салық салынатыны туралы осыған дейін жаздық.
«Сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.
Ал үй жанындағы дүкендер салық төлемейтін болды.
Comments