ЗаңҚоғам

ШЫНШЫЛ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ ПОЛКОВНИК САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА 

Әлеуметтік желі дамымай тұрғанда халық бар соңғы жаңалық пен хабарларды газет-журнал мен радио-теледидардан оқитын, еститін, көретін. Өмір болған соң, жақсы жаңалықтармен қатар келеңсіз оқиғалар да кездесіп жататын. Сонда дейді, дейді екен деген ауызша өсек-аяңға емес, көбіне теледидардағы жаңалықтың соңғы жағына көз салып, құлақ тігетінбіз. Сонда Салтанат Қаракөзова көп көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап бергенде, риза болатын едік.Оны осылай теледидар арқылы таныдым. Кейін мамандық бойынша жолығып, жақынырақ танысуға тура келді. Сонда қай кезде де бірқалыпты, салмақты сөйлеп, жылы жүзін жоғалтпайтын.

Ақтөбедегі мемлекеттік педагогикалық университетін, сонан соң Алматыдағы Ішкі істер академиясының заңгер мамандығы бойынша білім алған Салтанат Қаракөзова алғашқыда Ақтөбеде ұстаз болып еңбек етіп, кейіннен заңгер қызметіне ауысты. Алматы, Астана, Көкшетау қалаларында өз мамандығы бойынша тиянақты еңбек етіп, 2005 жылы Оңтүстік өңірге ауысады. Ал Оңтүстік — тұрғыны мол, еңбектің қайнаған мекені. Адамдар көп болған жерде түрлі оқиғалардың, оның ішінде келеңсіздіктердің де орын алып жататыны рас.

— Сонда небір жантүршігерлік жағдайларды көргенде, жүрек ауырған сәттерді де бастан кештік. Бірақ, өзіңді ұстауың керек. Амалсыз қатаясың,- дейді ол.

Иә, қазіргі таңда біздің елде полиция қызметкері аса қажет. Полиция қызметкері қажет болмау үшін қылмыссыз қоғам орнауы керек. Шынына келсек, мұның ауылы әлі алыс болып тұрғаны рас.

Тағы бір шындығы, адам басына іс түспесін, іс түссе, амалсыз 102 нөмірлерін тересің. Ол полиция қызметінде жүргенде әншейінде сыртынан түрлі сөз айтып, ауыртпалық түскенде әділдік іздеп, ішкі істер саласының қызметіне жүгінгендердің талай рет куәсі болды.

Саналы ғұмырын еліміздің ішкі істер саласына адал қызмет етуге арнаған ол баспасөз саласында жемісті еңбек ете жүріп, полиция мен қоғамның байланысын нығайтуға зор үлес қосты. 13 жыл полиция полковнигі қызметін атқарды.

Бұл күнде Салтанат Бегімбайқызынан үлгі алған шәкірттері де жеткілікті. Түркістан Полиция департаментінде баспасөз хатшысы болып еңбек етіп жүрген Гүлнар Абдужаппарова, инспектор Айдана Қанатбекқызы, аға инспектор Ағаділ Алтынбеков, Шымкент Полиция департаментінде инспектор Ақмаржан Мырзахметова өз салалары бойынша абыройлы қызмет етуде.

Денсаулықты жақсартумен айналысамын деп жүріп, ол Шымкент қаласындағы салауатты өмір салты клубына келді.

Кейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің психолог мамандығы бойынша білім алғаны оған қазіргі осы клубтағы жұмысына көп көмегін тигізуде.

— Бұл менің қазір сүйікті ісіме айналып кетті. Өзің жақсы көрген іспен айналыссаң, ол өміріңе, жүрегіңе қуаныш сыйлайды. Қазір мұнда кештің қалай өткенін де сезбей қалатын тамаша ортам бар. Мұнда біз спортпен де, бимен де, тіпті әдемілікпен де айналысамыз,-дейді Салтанат Бегімбайқызы.

Келе жатқан мерекені пайдаланып, қызы мен ұлының қадірлі анасы, төрт немеренің сүйікті әжесі сізге ұзақ та бақытты ғұмыр, еңбегіңіздің рахатын көріп, әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болуын тілеймін.

Нәзік жанды партия белсенділері марапатталды

Алдыңғы

Нәзік жанды партия белсенділері марапатталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *