Жазушы Мұхтар Мағауин атамыздың “Аласапыран” романын оқыған біз үшін, ол кісінің бақилық болғанын есту, романдағы Ораз-Мұхамед сұлтанның сергелдеңге түскеніндей жүрек те аласапыран болды..
Тарихи романда Мұхтар атамыз Дешті-Қыпшақтың падишаһы Тәуеккел ханның орнына Ұзын оқты Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхамедті таңдаса, енді қазақ әдебиетінде дәл сіздей, сара жолды жалғастыратын Ораз-Мұхамед табылар ма екен ???
Қош болыңыз, Мұхтар ата, қазақ әдебиетінің — Шыңғыс ханы, Ораз-Мұхамеді. Сіз жазған әрбір сөз біз үшін ұлттың рухы мен тарихына деген шексіз құрметтің белгісі болып қалады. Сіздің еңбегіңіз бен істеріңіз мәңгілікке ұрпақтан ұрпаққа жететін ұлы мұра болып табылады.
Қобланды АБЕНОВ
Comments