ЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАН: «ТҰЗАҚТАҒЫ ТАҒДЫРЛАР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Түркістанда «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің көрсетілімі өтті. Игі шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастырылды.

Көрсетілімге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Жанат Жұмадуллаева және Тамара Ерімбет, фильмнің басты актерлері мен режиссері Қуаныш Данияр, Мұқағали Әбдішәріп, Махамбет Балтабаев, сондай-ақ оқушылар мен белсенді жастар қатысты.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, өскелең ұрпақты радикализм індетінен сақтандыру маңызды міндет екенін тілге тиек етіп, бұл туындының жастарды туған елі мен жерін құрметтеуге және отансүйгіштікке үндейтін мән-мағынасы зор фильм екенін атап өтті.

Аталған фильм өңірімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы этносаралық бірлік пен келісімді сақтау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Фильмде қоғамдағы өзекті мәселелер көрініс тапқан, яғни өзге елде діни білім алуға құштар жастарды теріс пиғылды ағымдардың ықпалынан сақтау, ұлттық ұстанымдарды дәріптеу жайы баяндалады.

Іс-шарада марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, аталған фильмнің шығармашылық тобына Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар шығармашылық ұжым Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің жанынан ашылған «KULTOBE» медиа студиясымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

УНИВЕРСИТЕТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «ÓZGEEPIC» КРЕАТИВ ХАБЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *