Басты ақпаратЭкономика

Қазатомөнеркәсіп Буденовское кен орнының «Солтүстік» учаскесінде уранды барлау құқығын алды

2024 жылғы 18 қараша, Астана қ., Қазақстан

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран провинциясында орналасқан Буденовское кен орнының «Солтүстік» учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге алғаны туралы хабарлайды. Осы учаскеге жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі.

«Солтүстік» учаскесі уранның ірі кен шоғырының болуына байланысты айтарлықтай әлеуетке ие. Оның қолайлы геологиялық жағдайлары және жұмыс істеп тұрған кен орындарына жақындығы табысты және ұзақ уақыт игеру үшін бірегей мүмкіндіктер туғызады. Бұл жоба Қазақстанның уран өндіру саласын дамытудағы маңызды кезең болатынына және біздің компанияның ұзақ мерзімді құндылығын құруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Алдын ала бағалаулар бойынша Р1 және Р2 санаттары бойынша учаскедегі уран ресурстары 100 мың тоннадан асады, бұл одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін берік негіз жасайды. Болашақта ресурстарды нақтылау және оларды жоғары санаттарға (С1 және С2) ауыстыру жоспарлануда. Бұл учаскенің әлеуетін барынша тиімді пайдалануға және Компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Уранға әлемдік сұраныстың артуы жағдайында бұл жоба жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның атом энергетикасының әлемдік нарығындағы ұстанымын нығайтуға қосылған маңызды үлес болады. Қазатомөнеркәсіп уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру және ұлғайту мақсатында жаңа перспективалы учаскелерді іздеу және игеру жөніндегі жұмысты жалғастыра бермек, бұл компанияның одан әрі өсуіне және ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады.

 

Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *