ӘлеуметЖаңалықтарСпорт

МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Өркениет елді мекенінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында басталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізген. Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі спорттың адам денсаулығын нығайтуда алатын орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиналған көпшілікті Республика күні мерекесімен құттықтады.

Спорт кешенінде спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Онда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы орналасқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

В МАКТААРАЛЕ ВВЕДЕН В ЭКСПЛУАТАЦИЮ НОВЫЙ СПОРТИВНЫЙ КОМПЛЕКС КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ

25 октября – ко Дню республики введен в эксплуатацию новый спортивный комплекс в селе Оркениет Мактааральского сельского округа. Строительство объекта, начатое в рамках программы «Ауыл-ел бесігі», проводилось ТОО «Нүрі-Л-Жетысай». В церемонии открытия комплекса приняли участие аким района Бахыт Асанов, депутаты районного маслихата, представители интеллигенции, юные спортсмены и жители села. Выступая с приветственным словом, аким района отметил, что спорт занимает особое место в укреплении здоровья человека. Кроме того, собравшихся поздравили с Днем Республики.

В спортивном комплексе есть тренажерные залы для спортсменов. В нем предусмотрена возможность заниматься волейболом, баскетболом, футзалом, гандболом, борьбой, боксом, дзюдо и другими видами спорта. Кроме того, на территории здания находится футбольное поле, оборудованное искусственным газоном.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Текели Эко Маркет: успех бизнес-леди

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *