Жаңалықтар

HALYK BANK-ПЕН ЖАҢА ЖОБА: “ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ”

Бүгін Атырауда Түркітілдес журналистер қорының «HALYK BANK” серіктестігінде ұйымдастырған «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» тақырыбына семинар-тренинг басталды. Халық банкі Атырау филиалының директоры Жанна Майкопова Халық банк, оның өнімдері мен «Интернеттегі алаяқтық. Алдын алу жолдары» туралы айтты.

Әріптестер жоба шеңберінде жасанды интеллектті іскерлік журналистикада қолдануды үйренді. Атап айтқанда, постер, афиша, инфографика жасау, фотоколлаж, сурет, ашық дереккөздермен жұмыс, аудио монтаж, дыбысты тазалау, видео монтаж, Chat GPT, Gemini т.б. мүмкіндіктері.

Аталған семинарлар тізбегі Атырау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауда ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonuşangazetecilervakfı #turkicspeakingjournalists
#халықбанк# #halykbank #АтырауХалық #HalykAtyrau #Атыраусеминар #фишинг #қаржылықсауат

СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

Стратегическое решение по АЭС принято — Никол Пашинян

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *